Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібі

Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібі

Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
1. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
"1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары;":
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан 1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар жатады.
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.
Тұрғын үй сертификаттарын алу кезінде:
1. «Екінші деңгейлі банктен» мақұлдама алу;
2.Төмендегі құжаттармен Халыққа қызмет көрсету(хқко) орталығына өтініш беру:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
4) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.