Әр адамның өмірінің белгілі бір сәтінде маңызды оқиғаларының бірі пайда болады – ол үйлену тойы. Екі адамның бірлігін заңды түрде тіркеу үшін арыз беру қажет. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты, әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылған жағдайда некеге тұру туралы өтініш беру үшін арнайы АХАТ бөліміне немесе ХҚКО келіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ.
Некеге тұру туралы өтінішті онлайн түрде, «www.egov.kz» Электрондық Үкімет порталы арқылы беруге болады. Портал арқылы өтінішті кез-келген уақытта үйде, немесе жұмыста отырып, беруге мүмкіншілік бар, өйткені, портал тәулік бойы қызмет атқарады. Өтінішті электронды түрде беру – өте ыңғайлы және тез болып табылады, өйткені, екі арыз берушінің бір уақытта бір жерде болуы міндетті емес. Егер той күні белгіленген болса, алайда, арыз беретін күні, біреуіңіз белгілі себептерге орай басқа қалада болсаңыз, өтінішке сол жақтан да онлайн түрде қол қоюға болады.
Некені тіркеуге электрондық өтініш беру қызметімен некеге алғашқы рет тұрып жатқан, балалары жоқ, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қолдана алады.
«www.egov.kz» Электрондық Үкімет порталы арқылы некені тіркеуге өтініш берудің қадамдық нұсқасын ұсынамыз:
- Қадам. «egov.kz» Электрондық Үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ЭЦҚ қолданып, жүйеге кіру қажет;
- Қадам. Электрондық Үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз;
- Қадам. «Отбасы жағдайы» парағына өтіп, «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз;
- Қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет: Өзіңіз туралы мәліметтер толтырып, болашақ жұбайыңыздың ЖСН теру қажет. «ТАӘ табу» деген батырманы басу қажет, бұл жүйеде ЖСН бойынша қажетті адамды (болашақ жұбайыңызды) табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, некеңіздің тіркелуін қалайтын АХАТ бөлімін таңдау қажет (мысалы, Ақтөбе қаласында бола тұра, Нұр-Сұлтан қаласының АХАТ бөлімін таңдауға болады, т.б.). Егер мемлекеттік баж салығын Сіз төлейтін болсаңыз, «Төлеу» пунктін белгілеңіз. Осымен, бір жаққа қатысты мәліметтерді толтыру аяқталып келеді, егер қызмет ақысын Сіз төлейтін болып белгілесеңіз, «Сұранысты жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Сізді келесі – төлеу кезеңіне аударып жібереді;
- Қадам. Бұл кезеңде Салық органы мен СТК көрсететін терезе ашылады кейін, «Төлеу» батырмасын басу қажет (қызмет құны - 1 АЕК);
- Қадам. Бұдан кейін, Сізді электрондық үкіметтің төлеу шлюзына аударып жібереді, бұнда, көрсетілген тәсілдерінің бірімен мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болады. Егер барлығын дұрыс жасап, төлем ойдағыдай өтсе, Сіз электронды чек пен қызмет төленгендігі туралы хабарлама аласыз;
- Қадам.Бұдан кейін, Сізді өзіңіздің электрондық-цифрлі қолтаңбамен немесе біржолғы жасырын сөзбен бекітуге жататын «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді;
- Қадам. Енді тек екінші арыз берушінің (болашақ жұбайыңыздың) қол қоюын күту қалды, яғни, ол өтінішті растау қажет (өтініш растауды 48 сағаттан артық емес уақыт күтеді, одан кейін жойылып кетеді);
- Қадам. Екінші арыз беруші (болашақ жұбайыңыз) порталдағы өзінің жеке кабинетіне кіргеннен кейін, «қызметтер алу тарихы» бөлімінде некені тіркеуге өтініш беру қызметі қосылғанын көреді;
- Қадам. «Толтыруға көшу» батырмасын таңдау қажет;
- Қадам. Пайда болған өтінімде барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты жіберу қажет;
- Қадам. ЭЦҚ немесе біржолғы жасырын сөзді қолданып, қол қою қажет. Осымен аяқталды, осы сәттен бастап сіздер ресми түрде некені тіркеуге электрондық өтініш бердіңіздер.
Өтінішті растағаннан кейін, өзіңіз таңдаған күні мен уақытта, Сіз АХАТ бөліміне келіп, ресми түрде ерлі-зайыптылар болып жарияланасыздар. АХАТ бөліміне белгілеген күні келмеген жағдайда, өтініш жойылып кетеді.
Екінші немесе келесі некелерді тіркеуге портал арқылы өтініш беру мүмкін емес. Егер некеге тұрушылардың біреуі немесе екеуі де бұрын некеде болған болса, некеге тіркелу үшін АХАТ бөліміне келіп өтініш жазу қажет. Өздерімен бірге жеке басын растайтын құжаттарын, бұрыңғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжаттарын, 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы төленген түбіртегін ұсыну қажет.
Қосымша ақпараттарды алу үшін Әбілқайыр хан даңғылы, 88 мекен-жайы бойынша «Неке сарайы» ғимаратынын 2 қабатында орналасқан «Ақтөбе қалалық АХАТ бөлімі» ММ-не жолығуға болады. Байланыс телефон: 8 (7132) 418-003, 418-006. Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы: rags_gorod_aktobe.