8 қыркүйектен 27 қазанға дейін Ақтөбе қаласында санитарлық тазалау бойынша екі айлық акция жарияланды

8 қыркүйектен 27 қазанға дейін Ақтөбе қаласында санитарлық тазалау бойынша екі айлық акция жарияланды

Бүгін қала әкімдігінде қаланы және тұрғын үй алаптарын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша екі айлықты өткізуге арналған кеңес өтті.
Кеңеске қала әкімі Асхат Шахаров, облыс әкімінің қаланы дамыту жөніндегі кеңесшісі Сәния Қалдығұлова, қалалық мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық қызметтердің, мердігерлік ұйымдардың басшылары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымовтың айтуынша, санитарлық тазалау бойынша екі айлықты өткізу алгоритмі бекітілді. Үлкен жұмыс майданын игеру керек, қаланың коммуналдық қызметтері, жергілікті полиция қызметі өз міндеттерін орындауға ерекше жауапкершілікпен қарау керек, деп атап өтті әкім орынбасары.
Осылайша, полицейлерге рұқсат етілмеген стихиялық қоқыстардың пайда болуын дер кезінде анықтау, қоқыс шығарумен айналысатын көлік құралдарын бақылауға алу тапсырылды. Аудан әкімдеріне өз аумақтарын қоқыстардан тазарту, стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді жою, кәсіпорындарды, сондай-ақ аула және үй маңындағы аумақтарды тәртіпке келтіру, көшедегі қоршауларды, қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, бағаналарды, жарнамалық құрылымдарды жөндеу және бояу, скверлерде, сондай-ақ өзендер мен су қоймалары арналарының бойында тәртіп орнату тапсырылды. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, оның ішінде оқу орындары екі айлықтағы өз рөлін айқындауға және оған белсенді қатысуға тиіс.
«Екі ай ішінде облыс орталығының аумағы жиналған қоқыстан арылады. Бұл дәстүрлі күзгі акция. Қазір қалада көп пәтерлі үйлердің аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 200 - ден астам аула аумағын жөндеу - ауқымды іс-шара. Қала өзгеруі керек. Қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі екі айлыққа кәсіпорындардан басқа ПИК, кондоминиум объектілері, сондай-ақ көп қабатты үйлердің тұрғындары, жеке ғимараттардың жұмысшылары қатысады. Қаланың ұжымдары мен санитарлық күтіп ұстау ұйымдарын тарту да жоспарлануды», - деп атап өтті қала әкімі А.Шахаров.
Айта кету керек, тазалық тәртібін бұзғандарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, сондай-ақ Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережелеріне сәйкес үлкен айыппұлдар күтіп тұр.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қалалық қоқыс полигонына қабылдау ақысыз жүргізіледі, бұл тұрғындарды қоқысты өз бетінше шығаруға ынталандырады және стихиялық қоқыстар санын азайтады. Сондай-ақ, осы екі айлық акция аясында 7 мың ағаш отырғызу жоспарланған.