Ақтөбе қаласы әкімінің 2021 жылғы 1 - 5 ақпан аралығындағы
есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы
АҚПАРАТ
|
№ |
Айтылған ескертулер және ұсыныстар |
Орындалуы |
|
1. |
«Сазды» тұрғын алабындағы Мәдениет Үйін жөндеуден өткізу |
Сазды тұрғын алабындағы Мәдениет Үйін күрделі жөндеуден өткізуге 138 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекетік-сатып алу конкурсы жарияланды. |
|
2. |
«Қарғалы» т/а (НұрАқтөбе) №4 шағын аудандағы мектептің құрылысын аяқтау |
«Қарғалы» (НұрАқтөбе) тұрғын алабының №4 шағын ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысының мердігер мекемесі «АктобеЭлектросетьстрой» ЖШС-гі. 2021 жылдан бастап барлық білім нысандары «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің теңгеріміне берілді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, маусым айына дейін нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
3. |
«Ясный-1,2» тұрғын алабында спорт алаңдарын салу |
«Ясный-1,2» тұрғын алаптарында спорт алаңдарын салу ағымдағы жылдың жоспарына енгізілді. |
|
4. |
«Парасат» тұрғын алабында газ жүйесін салу |
«Парасат» тұрғын алабына газ жүйесін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме-«Алия-Сервис» ЖШС. Жоба сомасы- 729,2 млн.тенге |
|
5. |
«Қарғалы» (НұрАқтөбе), «Қызылжар-2», «Ақжар» тұрғын алаптарында ұялы байлыныс қызметін жақсарту |
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала бойынша байланыс арнасы нашар жерлер анықталып, антенна–мачталық құрылғылар салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, «Қарғалы» (НұрАқтөбе) тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Батыс» шағын ауданында, «Қызылжар», «Белогор», «Ақжар» тұрғын алаптарында салу жоспарланған. |
|
6. |
11,12 шағын аудандарында көше шамдарын алмастыру |
11,12 шағын аудандарында көше шамдарын алмастыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алғаннан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланады. Жоба сомасы -148,4 млн.теңге |
|
7. |
«Қарғалы» (НұрАқтөбе) тұрғын алабындағы 3,4 шағын ауданының көшелерін жарықтандыру |
«Қарғалы» (НұрАқтөбе) тұрғын алабындағы 3,4 шағын ауданындарында жол салу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме- «Прогресс KZ». Жоба бойынша жол салу кезінде көшелерде жарықтандыру жұмыстары қарастырылған. |
|
8. |
«Бекқұл баба» тұрғын алабының көшелеріне қиыршақ тас төсеу |
«Бекқұл баба» тұрғын алабының көшелеріне қиыршақ тас төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың жоспарына енгізілді. Жоба сомасы - 33,3 млн.теңге |
|
9. |
«Заречный-2» тұрғын алабында балалар ойын алаңдарын салу |
Ақтөбе қаласы аумағында 67 балалар ойын алаңын орналастыру жұмыстарына 300,0 млн.теңге қаражат көзі қарастырылған. Қазіргі таңда электронды конкурс жариялау үшін техникалық сипаттамалары дайындалуда. Конкурстың қорытындысына сәйкес жеңімпаз атанған мердігер мекемемен келісім шартқа отырғаннан кейін қала аумағында балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
10. |
Тургенев көшесінің №62, №64 үйлерінің ауласына асфальт жабындысын төсеу |
Тургенев көшесінің №62, №64 үйлері ауласына асфальт жабындысын салу ағымдағы жылдың жоспарына енгізілді. |