Меню

Страницы

Статья

Қала әкімі А.Шахаров сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 31 наурызында Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаровтың төрағалымен қалада карантин режимінің жариялануына байланысты Zoom конференц-байланыс  арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн  тәртібінде  келесі  сұрақтар  қаралды:

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу бойынша жүргізілген жұмыс туралы  және мемлекеттік мекеме қызметінде оларға жол бермеу жөнінде қабылданған шаралар туралы «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Тиімді даму орталығы» КММ-ң басшысы Абай Байжомартов баяндады.

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қорытынды жұмысы   туралы Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов, Алматы ауданының әкімі Әміржан Оразғалиев есеп берді. 

Сонымен бірге, «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өткен уақыт аралығында қорытынды жұмысын қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларының назарына жеткізу, ақпараттандыру үшін жобалық кеңсенің жетекшісі Қуанышбек Серікжанов комиссия отырысына шақырылды. 

Күн тәртібінде  бекітілген сұрақтарды қарауды қорытындылай келе, қала әкімі мен комиссия мүшелерімен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
14 августа 2026
14 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы