Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей)  хабарлануға және жариялануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер – Орталық сайлау комиссиясына, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша облыстық сайлау комиссиясына,  Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясына берілуі тиіс.
 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69, a.khusainova@election.gov.kz. v.zheksembekova@election.gov.kz,  https://t.me/electionelection
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, каб. 140,
код: (87132); тел.: 54-15-75; 54-72-11,  е-mail: tic_akt_obl@saylau.kz

Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Ақтөбе қаласы, Ахтанов көшесі, 50-үй, 2-кабинет
код: (8 7132); тел.: 21-01-71; 41-11-28,  
е-mail: gortik.aktobe@bk.ru

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
14 августа 2026
14 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы