Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ

Ақтөбе қаласы № 11 22 қазан 2020 жыл

Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14-тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Ақтөбе қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Ақтөбе қаласының әкімі Ақтөбе қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірлесіп, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қарастырсын.
3. Ақтөбе қаласының учаскелік сайлау комиссияларының күнтізбелік жоспарларын бекіту.
4. Осы қаулы Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

Ақтөбе қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы                                                           Ж. Муханова

Ақтөбе қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы                                                              Э. Узакбаева

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
14 августа 2026
14 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы