Жеке тұлғалардың банкроттығы
«Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы мен eGov Mobile-да қолжетімді
Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш беруді көздейді. eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады.
Е-Gov.kz порт️алында және eGov mobile қосымшасында өтініш бермес бұрын құжаттардың толық пакетін жинау керек. Қызметке өтінім беру үшін екінші деңгейлі банктерден қажетті растамаларды алу қажет.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:
- Банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;
- некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;
- несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;
- салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;
- АӘК алушы болса, белгі қою;
- егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;
- өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою керек;
- өтінішті жібергеннен кейін өтініш берушінің жары Жеке кабинетте өтінішті мақұлдайды.
*Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді ҚР ҚМ сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.