Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ проактивті форматта бірқатар қызметтер көрсетеді
Реабилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуге Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
 
Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
14 августа 2026
14 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы