Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың
ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Өткізілген уақыты: 2025 жылғы 28 қазан, жергілікті уақытпен сағат 10:00
Өткізілген орны: «Геолог» мәдениет Үйі
Барлығы қатысқандар – 32 адам
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Ахаш Жаңалық Шортайұлы – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Ақтөбе қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі
КҮН ТӘРТІБІ:
Ақтөбе қаласы «Алматы» және «Астана» аудандарының кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
«Алматы» ауданының әкімінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Досымбет Нұрсұлтан Амангелдіұлы, «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Талғатұлы, «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Бисенғалиева Гүлжайна, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің және ардагерлер кеңесінің мүшелері, қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша материалдарды жинақтап, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және Алматы және Астана ауданы тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы - Бисенғалиева Гүлжайна Каздукқызы.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Қала тұрғындары – Жетібаев Бауыржан, Жақсылықбаева Гульфия, Қожамбетов Рақымжан, Асқар Хәкімұлы, Буранкулова Самал, Бекболатов Абылай.
Ақтөбе қаласының «Алматы» және «Астана» аудандарының атаусыз көшелеріне «Айдос Боранбаев», «Нұрлан Алпысбай», «Руслан Жолдыбаев», «Рустем Кенжалин», «Қымбатқазы Уразалин», «Темірбек Жақсылықбаев», «Калиев Берікжан» «Рақымжан Жанабергенов», «Сапар Досбол» есімдерін беру туралы ұсыныстары бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.
«Жақтады» - 32
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдауға қатысқандармен Ақтөбе қаласының «Алматы» және «Астана» аудандарының кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы барлық ұсыныстар бірауыздан мақұлданды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аталған мәселені Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылсын.
Төрағалық етуші Ж. Ахаш