Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың
№1 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
Өткізілген уақыты: 2025 жылғы 22 мамыр, жергілікті уақытпен 10.00
Өткізілген орны: Қалалық мәдениет Үйі
Барлығы қатысқандар – 29 адам
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Қозыбақов Ұлан Ермекұлы – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.
КҮН ТӘРТІБІ:
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы.
Қатысушылар:
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова, Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Талғатұлы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің және ардагерлер кеңесінің мүшелері, қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау бойынша материалдарды жинақтап, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және «Астана» ауданының тұрғындары.
ТЫҢДАЛДЫ:
«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы – Гүлжайна Бисенгалиева.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Қала тұрғындары – Раиса Салмағамбетқызы, Саламатов Қайырбек, Сарсенбай Жаңалдық, Мариям Құттымұратова
№30 аумақ жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Нұрхасанов Қобыланды
Ақтөбе облысының ономастика және топонимика саласының ардагері Пангереев Алмат
Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының атаусыз көшелеріне «Іскендір Сәрсенбаев», «Аймұханбет Құттымұратов», «Салмағанбет Күзденбаев», «Назарбай Сүндетбаев», «Талдық», «Оймауыт», «Әнуар Әлімжанов», «Иран Әміров», «Сарыжар» атауларын беру туралы ұсыныстары бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.
«Жақтады» - 28
«Қарсы» - 1
«Қалыс қалған» - 0
Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдауға қатысқандардың жалпы санының көпшілік дауысымен барлық ұсыныстар мақұлданды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аталған мәселені Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылсын.
Төрағалық етуші Ұ. Қозыбақов