Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №2 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың

№2 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

 

 

Өткізілген уақыты: 2025 жылғы 22 мамыр, жергілікті уақытпен сағат 10:00

Өткізілген орны: «Геолог» мәдениет Үйі 

Барлығы қатысқандар – 48 адам                                                                      

 

 

         ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

         Тажгулов Дәурен Мұратқалиұлы  – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.

        

КҮН ТӘРТІБІ:

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

«Алматы» ауданының әкімі орынбасары Бақыт Айдосов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің және ардагерлер кеңесінің мүшелері, қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша материалдарды жинақтап, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және «Алматы» ауданының тұрғындары.

        

ТЫҢДАЛДЫ:

         «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Әсел Омарова.

 

          СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Құдайберген Бақберген - Кірпішті т.а тұрғыны, Үсенов Ондасын – Қызылжар ардагерлер кеңесі төрағасы, Төлегенов Сайлыбай – Қызылжар -3 т.а ардагерлер кеңесінің  төрағасы,  Серікбай Қайдасұлы – Қазақстан журналисттер одағы мүшесі, Кірпішті т.а тұрғыны, Қалиұлы Бақыт – Балауса елді мекен ардагерлер кеңесі төрағасы, Алданазаров Бақдаулет – Қорайлы т.а белсенді тұрғыны, Таласова Жанна – Жарық т.а тұрғыны, Жаналық Ахаш - қалалық мәслихат депутаты.

 

Ақтөбе қаласының Алматы ауданының атаусыз көшелеріне «Мұқас Тұрмұхамбетов», «Нұрмұхан Кенжебаев», «Асанғали Шыңбаев», «Бақи Шанов», «Бисембі Нұрлыбаев», «Шәкір Төлемісов», «Балмұхамбет Мурзалин», «Алтынтөбе», «Әбдуәли Қайдар», «Домалақ ана», «Қасым Қайсенов», «Бәйгеторы»  атауларын беру туралы ұсыныстары бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

 «Жақтады» - 48

 «Қарсы»- 0

 «Қалыс қалған» - 0

 

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдауға қатысқандармен бірауыздан барлық ұсыныстар мақұлданды.

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ: 

 

  1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы бойынша кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы тұрғындар пікірі ескерілсін.
  2. «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы – Г.Бисенгалиеваға:

Аталған мәселені Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімін қабылдауға  Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылсын.

 

 

Төрағалық етуші                                                                                Д. Тажгулов

Дата публикации
28 мая 2025