2023 жылғы ІІ - тоқсанда облыс әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарың орындалуы

2023 жылғы ІІ - тоқсанда  облыс әкімімен  кездесулерде тұрғындар  көтерген мәселелер мен ұсыныстарды

іске асыру  жөніндегі  іс-шаралар жоспарың орындалуы

   2023 жылдың 27 шілде айына

№

Іс-шараның атауы

Орындалу барысы

1.

Қала аумағындағы тұрғын алаптарда қоғамдық көліктердің сапасын, санын арттыру

Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдауды 46 бағытта 4 тасымалдаушы кәсіпорын қызмет көрсетеді. Автобус паркін жаңарту мақсатында ағымдағы жылы – «Автопарк» ЖШС 42 автобус, «Qala Trans» ЖШС 100 автобус (қазіргі таңда 75 автобус сатып алынды) сатып алу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау мақсатында 39 бағыт бойынша бюджет қаражаты есебінен 6,8 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі таңда қала аумағындағы тұрғын алаптарда қоғамдық көліктің сапасын, санын жақсарту мақсатында 47 бағыт бойынша қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша конкурстық процедуралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні тұрғын алаптарда 2 автобустан қызмет көрсетілсе, конкурс нәтижесінен кейін техникалық сипаттамағы сәйкес автобус саны 4 бірлікке дейін көбейтіледі.

орындалу сатысында

Дата публикации
29 июля 2023