«Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің жобасы бойынша баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Шешім жобасы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесіне 2023 жылдың 6 сәуірінде №04-2-1/1109 хатымен жіберілді, Қоғамдық кеңестің ұсынысы 2023 жылғы 12 мамырдағы № 01-1/14 хатымен келіп түсті.
Шешім жобасы 2023 жылдың 5 сәуірінде akt.gov.kz сайтында жарияланды, 2023 жылдың 19 қаңтарынан 2 ақпанына дейін ашық НҚА порталы бойынша ашық пікірталас болды, пікірлерде болған 3 ескертпеге жауап берілді.
Бөлім басшысы Ж.Бақыткелді