ЖОБА

Ақтөбе қаласы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1

«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының               27 - бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

  1. Ақтөбе қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27439 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                                        М. Жөребеков     

Дата публикации
27 марта 2023