Ақтөбе қаласының әкімі, оның орынбасарлары мен қала әкімі аппараты басшысының арасындағы міндеттерді БӨЛУ

Ақтөбе қаласының әкімі, оның орынбасарлары мен

қала әкімі аппараты басшысының арасындағы міндеттерді

БӨЛУ

 

Қала әкімі – М.Ө. Жөребеков

Қала аумағында мемлекеттік саясат жүргізуді тікелей қамтамасыз етеді.

Қалалық әкімдікке және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылық жасайды, олардың келісімді қызметін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста қала мүддесін қорғайды.

Азаматтар мен қалалық ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен заңдарын, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтық – нормативтік актілерін орындауына ықпал етеді.

Қала дамуының жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жасауды, қалалық бюджеттің орындалуын ұйымдастырады.

Қала аумағында инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қала аумағында қауіпсіздікті, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Салық және басқа міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне ықпал етеді.

Қаланы басқару сызбасын және ведомствоаралық сипаттағы мәселе бойынша кеңес беру – мәжілістік органдардың дербес құрамдарын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсынады.

 

 

Қала әкімінің орынбасары – А.Т. Хамиев

 

Мәселелер:

  • мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерін салу;
  • инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы;
  • аулаларды жөндеуді ұйымдастыру;
  • тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық;
  • су құбырларының қолданылуын, тазалағыш құрылғылар, байланыс, электр қуатын тарататын желілер және басқа да инженерлік инфрақұрылым нысандарының тоқтаусыз жұмыс жасауын ұйымдастыру;
  • тазалық сақтау, көріктендіру және көгалдандыруды қамтамасыз ету;
  • қаланы жарықтандыру нысандарын күтіп-ұстау және күрделі жөндеу;
  • жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
  • жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және қалпына келтіруді, күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру;
  • туысқандары жоқтарды жерлеу орындарын күтіп-ұстау;
  • жерді аймақтарға бөлу және жер-шаруашылық ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • сәулет және қала құрылысы қызметінің;
  • Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау;
  • қалалық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;
  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік;
  • қорғаныс, жалпы әскери міндетті орындау, әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды, сондай-ақ азаматтық қорғанысты ұйымдастыру;
  • белгілі бір салада басымдыққа ие табиғи монополия субъектілері мен кәсіпорындардың тарифтік саясаты;
  • автокөлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы кәсіпорындардың қызмет етуін, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын, жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру.

 

Қызметін үйлестіру:

  • «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
  • Ақтөбе қаласының ПБ;
  • Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы;
  • «Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ;
  • «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС;
  • «Табыс Ақтөбе» ЖШС.

         Қалалық телефон стансасының және байланыс кәсіпорындарының, қалалық электр желілері, «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «КазТрансГазАймак» АҚ қызметін үйлестіру.

 

 

Басшылық жасау:

  • жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру бойынша комиссияға;
  • Ақтөбе қаласында қалалық қатынастар тарифі бойынша комиссияға;
  • қалалық тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстық комиссияға;
  • қалалық шақыру комиссияға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімінің орынбасары – Ж.Е. Әубәкіров

 

Мәселелер:

  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асатын жобаларды үйлестіру;
  • ауыл шаруашылығы, шаруа (фермерлік) қожалықтарының құрылуына, ауру малдарды санитарлық жоюға, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден келесі түріне ауыстыру жөніндегі жұмыстарға, мемлекеттік агроазықтүлік бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал жасау;
  • қалаішілік қажеттіліктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру;
  • тұрғын үй қорын сақтау және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін бағынысты аумақта қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • тұрғын үй қорын түгендеу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың кейбір топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • қаладағы тұрғын үй қатынастарын жүзеге асыру (мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру мәселесі, аумақтарды дамыту бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру);
  • қауіпті техникалық құрылғылардың, лифт жабдықтарының, тұрмыстық баллондардың және газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
  • инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
  • аумақтың статистика органдарымен кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерін орындауы туралы есеп және есеп беруді жүргізуі бойынша қарым-қатынас (олардың орындалуы бойынша талдау және мониторинг жүргізу);
  • сауда және баға саясаты;
  • ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен тауар өндірушілердің сату көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;
  • мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде инвестицияларды тарту, жобаларды жүзеге асыру және сүйемелдеу;
  • экология.

 

Қызметін үйлестіру:

  • «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ;
  • «Ауыл шаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық басқармасы» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ.

 

Басшылық жасау:

  • жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін анықтайтын және егістіктерін қабылдайтын ведомствааралық комиссияға;
  • Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік сұрағы бойынша сараптамалық кеңеске.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

 

Қала әкімінің орынбасары – Г.С. Сисенова

 

         Мәселелер:

  • әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау және олардың орындалуы (әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге мониторинг);
  • коммуналдық меншіктің есебін жүргізу және дамыту;
  • салық-бюджет саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттің салық базасын көбейту және қала экономикасының өсу резервін іздестіру;
  • агломерация аумағындағы агломерациялық процестерді дамыту;
  • қалада қаржы-несие саясатын жүзеге асыру, бұл мәселе бойынша қаладағы қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынас;
  • иесіз және иесіз қалған мүліктің мониторингі;
  • тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының қызметін үйлестіру, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру.
  • ана мен баланы қорғау, қайырымдылық көмекті үйлестіру;
  • мәдениет және спорт, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау, мәдени-сауықтыру және қалалық кітапханалардың жұмыстарын қолдау, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту, қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу, спорттың әртүрлі түрлері бойынша қаланың құрама командаларының мүшелерін дайындау және қатыстыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
  • жастар саясатын жүргізу;
  • облыстық маңызы бар қалаға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қажетті материалдарды Ақтөбе қалалық мәслихатының қарауына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы әлеуметтік (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау;
  • азаматтық хал актілерін тіркеу;
  • терроризмге қарсы комиссия отырысының өткізілуін бақылау;
  • нашақорлық және адам саудасы;
  • өңірлік жедел штаб;
  • терроризмге қарсы қызметі жөніндегі комиссия;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссия;
  • Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
  • мемлекеттік сатып алу.

        

 

Қызметін үйлестіру:

  • «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ;
  • «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ;
  • «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ;
  • Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қалалық бөлімінің;
  • «Әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ;
  • «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ;
  • Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

Басшылық жасау:

  • қалалық бюджетке салықтар мен түсімдердің толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобына;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша комиссияға;
  • әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияға;
  • өмірлік қиын жағдайлардың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияға;
  • Қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлеріне бару жол ақысы үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы комиссияға;
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында   6 айдан кем емес жұмыс атқарған тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнаулы комиссияға;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша жұмыстарды реттеу жөніндегі арнаулы комиссияға;
  • аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын тексеру мен жақсарту және жедел атаулы көмек көрсету мәселесі жөніндегі жұмыс тобына;
  • мүгедектер ісі жөніндегі кеңеске;
  • қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органға;
  • халықты жұмыспен қамту мәселелері және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияға;
  • үй-жайларды аралау барысында статустары анықталған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту, оларды рәсімдеу және актуализациялау жөнінде қалалық штабқа;
  • мемлекеттік гранттар беру мәселелері жөніндегі комиссияға.
  • қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға;
  • кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға;
  • алқабиге кандидаттарды таңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияға;
  • Ақтөбе қаласының әкімі жанындағы жастар ісі және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңеске;
  • Ақтөбе қаласында тілдерді қолдану және дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесіне;
  • мемлекеттік наградалар және «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияға;
  • қылмыстың алдын алуға және болдырмауға ықпал ететін, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды марапаттау жөніндегі комиссияға.

 

 

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімі аппаратының басшысы – Н. Исембайұлы

 

Мәселелер:

  • қала әкімнің және әкім аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік басқару құрылымын, қаланың әкімшілік-аумақтық орналасуын жетілдіру;
  • қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік мекемелерде, қала әкімі аппаратында құпиялық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапалы және уақытылы қаралу;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шаралар қабылдау.

Барлық қалалық атқарушы органдардың қызметіне қала әкімдігі мен әкімінің актілерін дайындау және ұйымдастыру, жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету және кадрлық мәселелерді жүзеге асыру бағыттарында басшылық жасау.

Қала әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық ету.

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» КММ қызметіне бақылау жүргізу.

 

Басшылық жасау:

  • қала әкімі жанындағы бірыңғай тәртіптік комиссияға;
  • қала әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға;
  • қала әкімі жанындағы бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

 

 

Дата публикации
18 января 2023