Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың
№2 ХАТТАМАСЫ
2022 жылғы 15 шілде
жерг. уақытпен 15.00
Өткізілетін орны: «Геолог» мәдениет Үйі
Қатысушылар саны: 60 адам.
(қатысушылар тізімі қосымша жалғанды)
Төрағалық етуші:
Омарова Жанна Батиғұлқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қатысушылар:
Бүгінгі тұрақты комиссия отырысына Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Естай Жұмағазыұлы Жайлыбай, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Абат Ізімғалиұлы Көбенов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері және қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау бойынша материалдарды жинақтап, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және «Алматы» ауданының тұрғындары.