Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың
№1 ХАТТАМАСЫ
2022 жылғы 15 шілде
жерг. уақытпен 15.00
Өткізілетін орны: «Шығырмашылық академия» ғимараты
Қатысушылар саны: 59 адам.
(қатысушылар тізімі қосымша жалғанды)
Төрағалық етуші:
Балтымова Мира Рашидқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қатысушылар:
Бүгінгі тұрақты комиссия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Нұрлыбекқызы Даржанова, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Самиғолла Қабидоллаұлы Қарасаев, Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының әкімі Мамырғали Досқұлұлы Аққағазов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері және қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау бойынша материалдарды жинақтап, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, және «Астана» ауданының тұрғындары қатысып отыр.