Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Ақтөбе қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді.
Осы Ақтөбе қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.