Ақтөбе қалалық аумақтық референдум комиссиясының дауыс берудің өзге де басталу және аяқталу уақытын белгілеу туралы ақпараты
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 1-тармағының негізінде учаскелiк референдум комиссиясының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық аумақтық референдум комиссиясы Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 39А-үй «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі» РММ-де орналасқан №87 референдум учаскесінде жергілікті уақыт сағат 06.00-ден бастап дауыс беру уақытының өзгергені туралы хабарлайды.
Ақтөбе қалалық аумақтық референдум комиссиясы