Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 77 753 316,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 53 959 098,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 780 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 22 661 429,5 мың теңге;
2) шығындар – 86 240 358,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 827 773 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 104 546 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 9 314 814,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 9 314 814,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 3 257 145 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.».