2023-2025 жылдарға арналған «Ақтөбе каласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламалардың жобасы

 2023-2025  жылдарға арналған Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімінің бюджет жобасы budget.egov.kz (https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published) интернет порталында жарияланған. Жарияланған уақыты 14.05.2022ж, талқылау мерзімі 27.05.2022 жылға дейін.

         Бұл жобада 459001000 - «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2023 жылға -  145178,0 мың теңге, 2024 жылға – 147959,0 мың теңге, 2025 жылға – 150 482,0 мың теңге көлемінде;

459003000 - «Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 23187,0 мың теңге, 2024 жылға – 24346,0 мың теңге, 2025 жылға – 25320,0 мың теңге көлемінде;

459005000 - «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 7210075,0 мың теңге, 2024 жылға – 3306048,0 мың теңге, 2025 жылға – 2328692,0 мың теңге көлемінде;

459007000 - «Бюджеттік алып қоюлар» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 6942000,0 мың теңге, 2024 жылға – 9715000,0мың теңге, 2025 жылға – 0,0 мың теңге көлемінде;

459008000 - «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 18 022,0  мың теңге, 2024 жылға – 18 923,0  мың теңге, 2025 жылға – 19 680,0 мың теңге көлемінде;

459010000 - «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 391,0 мың теңге, 2024 жылға –410,0 мың теңге, 2025 жылға – 427,0 мың теңге көлемінде;

459012000 - «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 1073379,0 мың теңге, 2024 жылға –1127048,0 мың теңге, 2025 жылға – 1172130,0 мың теңге көлемінде;

459021000 - «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 1138486,0 мың теңге, 2024 жылға –1012799,0 мың теңге, 2025 жылға – 1012799,0 мың теңге көлемінде;

459024000 - «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 21695423,0 мың теңге, 2024 жылға –21695423,0 мың теңге, 2025 жылға – 21695423,0 мың теңге көлемінде;

459061000 - «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша  2023 жылға – 998,0 мың теңге, 2024 жылға –1047,0 мың теңге, 2025 жылға – 1089,0 мың теңге көлемінде бекітілмекші.

Дата публикации
13 мая 2022