Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы

30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және  қайта атау туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі қаулының жобасын қарастырып, соған сәйкес 2022 жылғы 20 сәуірдегі №01-1/18 ұсынысы берілді.

Қаулы жобасы gov.kz веб-сайтында 2022 жылғы 7 сәуірде орналастырылып, 2022 жылғы 7 сәуірден 21 сәуірге дейін E-gov ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 11 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мақсатында, қаулы жобасы М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне жіберілді. Нәтижесінде, 2022 жылдың сәуір айының 21 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қорытындысы ұсынылды.

2022 жылғы сәуір айының 16 жұлдызында қаулы жобасы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы «Заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тарауы 14 тармағына сәйкес, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындысын алу жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексіні 529 бабына сәйкес, аймақтарға бөлу коэффициенті салық салу мақсатында кәсіпкерлікте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылады.

Осыған байланысты сараптамалық қорытынды талап етілмейді.

 

«Ақтөбе қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                                       А.Үрістемова

Дата публикации
28 апреля 2022