Жоба
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703
«Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын
ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 4-бағанда:
«Заречный-1, Заречный-2, Заречный-3» сөздері «Көктем, Балауса, Жібек жолы» сөздерімен ауыстырылсын;
«Қарғалы тұрғын үй алаптарын» сөздерінен кейін «, Есет батыр шағын ауданы» сөздері қосылсын;
2) 10-бағанда:
«Сельмаш шағын ауданы» сөздері «Самал тұрғын үй алабы» сөздерімен ауыстырылсын;
3) орыс редакциясындағы қосымшаның 11-бағанында:
«Акжар-2» сөзі «Ақжар-2» сөзімен ауыстырылсын;
4) 12-бағанда:
«Ясное» сөзі «Жарық» сөзімен ауыстырылсын;
5) 17-бағанда:
«Заречный-3» сөзі «Жібек жолы» сөздерімен ауыстырылсын;
6) 21-бағанда:
«Құрашасай,» сөзінен кейін «Қанағат,» сөзі қосылсын;
7) орыс редакциясындағы қосымшаның 24-бағанда:
«Акжар-2» сөзі «Ақжар-2» сөзімен ауыстырылсын.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров
Жобаны ұсынушы:
«Ақтөбе қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.Үрістемова