Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы жобасының баспасөз релизі

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің  қаулысы жобасының

баспасөз релизі        

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы» Заңының   10-1 бабы, 7 тармағы Ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы  №5-2/ 109 ұсынысы негізінде әзірленді.

         Ақтөбе қаласының Алматы ауданы, Садовый тұрғын үй алабында орналасқан «Болат ЛТД» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында, ірі қара  мал  бастарының арасында бруцеллез ауруын анықталуына байланысты,  шектеу іс-шараларын белгілеу туындады.

         Қаулының жобасы қала әкімдігінің http://аkt.gov.kz/kk сайтында 2022 жылдың 1 сәуірінде орналастырылды.

Бөлім басшысы                                                             М.Тоқбулатов

        

 

Дата публикации
01 апреля 2022