Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы жобасының
БАСПАСӨЗ РЕЛІЗІ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы, 7 тармағы Ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы №5-2/ 109 ұсынысы негізінде әзірленді.
Ақтөбе қаласының Алматы ауданы, Садовый тұрғын үй алабында Садовая, Жемісті, Парасат, Байшешек көшелері және 19/2 учаскесі аумағында, ірі қара мүйізді мал бастарының ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруын анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын белгілеу туындады.
Қаулының жобасы қала әкімдігінің http://аkt.gov.kz/kk сайтында 2022 жылдың 1 сәуірінде орналастырылды.
Бөлім басшысы М.Тоқбулатов