Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы жобасының баспасөз релизі

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің  қаулысы жобасының

баспасөз релизі

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы» Заңының   10-1 бабы, 7 тармағы Ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21шілдедегі  №5-2/ 263 ұсынысы негізінде әзірленді.

         Ақтөбе қаласының Алматы ауданы, Георгиевка тұрғын үй алабының Ардагерлер көшесінің 5 ауласы аумағында  ірі қара  малдарының және ұсақ мүйізді мал бастарының арасында, бруцеллез ауруын анықталуына байланысты  шектеу іс-шараларын белгілеу туындады.

         Қаулының жобасы қала әкімдігінің http://аkt.gov.kz/kk сайтында 2022 жылдың 31 наурызында орналастырылды.

Бөлім басшысы                                                             М.Тоқбулатов

        

Дата публикации
01 апреля 2022