ЖОБА
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Занының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және «Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы №5-2/108 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ірі мүйізді қара малының және ұсақ мүйізді малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының «Садовый» тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Байшешек көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
- «Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заннамада белгіленген тәртіппен:
- осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыны, оны алғашқы ресми түрде жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Шахаров