Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

Шектеу іс шараларын белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы» Занының  10-1 бабының 7 тармағына  сәйкес және «Ауыл шаруашылық министрлігінің  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы №5-2/104 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ірі мүйізді қара малының және ұсақ мүйізді малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының «Георгиевка» тұрғын үй алабының Ардагерлер көшесінің 5 ауласы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заннамада белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы қаулыны, оны алғашқы ресми түрде жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қала әкімі                                                                                            А.Шахаров 

Дата публикации
01 апреля 2022