«Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 қаулысымен Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз-релизі

«Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына

тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 қаулысымен Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы  № 78 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі жобасына

баспасөз-релизі

Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысымен Ақтөбе қаласы мәслихатының шешімі (бұдан әрі-жоба) Қазақстан Республикасының       2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

"Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы" бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 қаулысымен Ақтөбе қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 шешімінде  қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін жекелеген санаттар айқындалды.

ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 67-VII Заңымен  ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде ҚР              1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 "ҚР-да мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңының 11-бабында:

- мүгедек балалар санаты жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар санатына өзгертілді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде "Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы" бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы  1 қыркүйектегі № 4595 қаулысымен Ақтөбе қаласы мәслихатының  2021 жылғы  31 тамыздағы № 78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысымен Ақтөбе қаласы мәслихатының шешімінің жобасы енгізіледі.

         Шешім жобасы 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 02-25/276 хатымен Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынылып, 2022 жылғы 7 ақпандағы              № 01-1/5 ұсынысымен мақұлданды.

         Шешім жобасы «e-gov» ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 07.02.2022-21.02.2022 жыл аралығында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

         Қоғамдық талқылау кезінде жоба бойынша пікір түскен жоқ.

 

Бөлім басшысы                                                                         М.Тұрмағамбетова

Дата публикации
04 апреля 2022