Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114

«Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу

және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне  

өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

баспасөз-релизі

         Нормативтік құқықтық акт шешімінің жобасы (әрі қарай - Жоба), ҚР  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, ҚР 04.12.2008 жылғы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес дайындалды.

         Аталған жоба Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімін Үлгілік қағидаларға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

         Шешім жобасы 2022 жылғы 15 ақпанда № 02-25/820 хатымен Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынылып, 2022 жылғы 28 ақпандағы № 01-1/8 ұсынысымен мақұлданды.

         Шешім жобасы «e-gov» ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылдың 4 наурызбен 2022 жылдың 24 наурыз аралығында қоғамдық талқылау үшін жарияланды, сонымен бірге 24.03.2022 жылы онлайн талқылаудан өтті.

         Қоғамдық талқылау кезінде шешім жобасы бойынша 1 пікір  түскен.

 

Бөлім басшысы                                                                         М.Тұрмағамбетова

Дата публикации
29 марта 2022