Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы

№113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  • Ақтөбе қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25823 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:  

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 71 096 916 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 49 980 525 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 780 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 19 983 602 мың теңге;

2) шығындар –  77 249 711,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 138 313 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 1 415 086 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 7 291 108,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) –               7 291 108,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi – 1 415 086 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 762 795,5  мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімдегі 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

 

А. Даржанова

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының экономика және

қаржы бөлімі»ММ басшысы                                                               А. Үрістемова

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
10 марта 2022