Дүниежүзілік сайлау күні

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өтетін сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 3 ақпанда атап өтіледі.

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен (АОВСЕ) басталған.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Ақтөбе қаласының оқу орындарында, Жастар-ресурстық орталығында жас ұрпақ пен жастар арасында сынып сағаттары, дебаттар дөңгелек үстелдер, учаскелік комиссиялардың «Ашық есік күні» және т. б. өткізілді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік сайлау күніне орай жергілікті атқарушы органдардың, учаскелік сайлау комиссияларының, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау науқанын өткізуде өз міндеттерін адал атқарғаны, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Ақтөбе облысы АСК төрағасы М.Н. Жүсіповтің және Ақтөбе қаласы АСК төрағасы Б.Т. Құрманалиннің алғыс хаттары тапсырылды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022