Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114
«Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе қалалық мәслихаты шешімінің жобасына
баспасөз-релизі
Шешім жобасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
Шешімнің жобасы Ақтөбе облысының Әділет департаментімен мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында, сондай-ақ «Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Ақтөбе облысы бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы» деп өзгертілуіне байланысты және нормативтік құқықтық актіні заң нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Шешім жобасы 2021 жылғы 18 қазанда № 02-25/5571 хатымен Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынылып, 2021 жылғы 1 қарашадағы № 01-1/55 ұсынысымен мақұлданды.
Шешім жобасы «e-gov» ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылдың 3 қарашамен 2021 жылдың 17 қараша аралығында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
Қоғамдық талқылау кезінде шешім жобасы бойынша 7 пікір түскен.