«2022 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасына
баспасөз-релизі
«2022 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленген.
Жобаны қабылдау мақсаты ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру.
Жоба «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында 04.11.2021 -18.11.2021 жылы аралығында, Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ( 2021 жылғы 26 қазандағы №123 (21.160), №123 (20.893) жарияланды.
Қаулы жобасы Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесіне ұсынылып және №01-1/56 2021 жылдың 02 қарашадағы ұсынысымен мақұлданды. Оң нәтиже қорытындысы берілді.
2021 жылдың 10 қараша күні «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі»ММ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен қаулы жобасына Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік сұрақ бойынша қаралғаны және мақұлданғаны туралы сараптамалық кеңес хаттамасы берілді.