Ақтөбе қаласы әкімдігінің 21 қазан 2016 жылғы № 4405 «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасына
баспасөз релизі
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 21 қазан 2016 жылғы № 4405 «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы (әрі қарай -Жоба) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы»Заңының 9,27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленген.
Жобаны қабылдау мақсаты 2022 жылға Ақтөбе қаласының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларын жұмыспен қамту.
Жоба «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында 04.11.2021 -18.11.2021 жылы аралығында, Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ( 2021 жылғы 26 қазандағы №123 (21.160), №123 (20.893) жарияланды.
Қаулы жобасы Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесіне ұсынылып және №01-1/56 2021 жылдың 02 қарашадағы ұсынысымен мақұлданды. Оң нәтиже қорытындысы берілді.
2021 жылдың 10 қараша күні «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі»ММ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен қаулы жобасына Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік сұрақ бойынша қаралғаны және мақұлданғаны туралы сараптамалық кеңес хаттамасы берілді.