«Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 3930 «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 3930 «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігі қаулысының жобасы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, орналасқан алаңын, сауда қызметін жүзеге асыру кезеңін және стационарлық емес сауда объектілерінің қызмет саласын өзектендіруге, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің мәтінін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге байланысты әзірленді.
Осы қаулы жобасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет ресурсында (официалды сайт) орналастырылғандығы туралы хабарландыру 2021 жылдың 28 қазанында облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды, 2021 жылдың 29 қазанында «e – gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында жария талқылау үшін орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12571317).
Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары 2021 жылдың 11 қарашадағы №01-1/60 хатымен ұсынылды.