Карантин белгілеу туралы
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысының жобасына
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының, 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 қазандағы №5-2/414 ұсынысы негізінде әзірленді.
Ақтөбе қаласы Алматы ауданы «Пригородный-1» тұрғын үй алабы аумағында үй құсының (тауық) қан сарысуы және паталогиялық материалдары сынамалары Ньюкасл ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты карантин белгілеу қажеттілігі туындады.
Қаулының жобасы қала әкімдігінің https://www.gov.kz сайтында 2021 жылдың 29 қазаныңда орналастырылды.