ЖОБА
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 19 қазандағы № 3930
«Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындарын
айқындау және бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 3930 «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7555 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
- осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.