«Транстелеком» акционерлік қоғамының жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы мерзімін ұзарту туралы

«Транстелеком» акционерлік қоғамының жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы мерзімін ұзарту туралы

   Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДI:

  1. «Транстелеком» акционерлік қоғамының Ақтөбе қаласындағы «АЕМ 250» бағдарламасы бойынша Елек тұрғын массивіндегі талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) пайдалану үшін алаңы 0,4512 га жер учаскесіне, қауымдық сервитут бере отырып шектеулі пайдалану құқығының мерзімі 5 (бес) жылға ұзартылсын. 
  2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 октября 2021