Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына

тұрақты қалалық қоғамдық көлікте

(таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

          Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

         1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

         2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;

         3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;

         4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

         5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 

         6) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;

         7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

         8) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

         9) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

         І топ мүгедектері;

         ІІ топтағы зағип мүгедектер. 

  1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

         1) жасына байланысты зейнеткерлерге; 

2) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

         ІІ топ мүгедектері;

         ІІІ топ мүгедектері;

         мүгедек балалар.

  1. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
  2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Уристемова) қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  3. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Кусмухамбетов) жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
  4. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Тұрмағамбетова) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалынан жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.
  5. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) ресми жариялағаннан кейін осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Ақтөбе қаласы әкімдігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.      

  1. 8. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына (Қ.Қасымов) жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 сентября 2021