«Ақтөбе қаласының Ішкі саясат бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Ақтөбе қ 30 наурыз 2021ж
"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі "ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі №28 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес талдау
"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ ережесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 545 қаулысымен бекітілген.
Бөлімнің штаттық саны 8 бірлікті құрайды. Еңбек тәртібін бұзу фактілері, тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері бойынша бөлімде жоқ. Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысымен күресудің бір тәсілі - ақпаратты ашу. Осыған байланысты бөлімнің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын өз мүлкі мен кірістерін декларациялайды.
2020 жылдың 2 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін кадрлардың ауысуы 0 бірлікті құрайды.
Аталған кезеңде 1 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтті.
"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін талдау барлық мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бар екенін куәландырады.
«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі лицензиялау функцияларын жүзеге асырмайды.
«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Қарастырылып отырған кезеңде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тексеру жүргізілген жоқ. Прокурорлық және соттық қадағалау актілері хабарланған жоқ.
«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшылығына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түскен жоқ.
Сонымен қатар, азаматтардан «сенім телефонына» сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды қабылдау жұмыс режимінде тұрақты түрде өтеді. Есеп беру кезеңінде хабарламалар түскен жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген қорытындыға келді. Олардың пайда болуын болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылады.
Ұсыныстар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға жәрдемдесу бойынша тұрақты жұмыс.