"Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

"Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

Аналитикалық анықтама

 

Ақтөбе қаласы                                                                                           05.05.2021 жыл

Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі басшысының м.а. 05.05.2021 жылғы № 06-6/49б жұмыс тобының бұйрығы негізінде жұмыс тобының жетекшісі                          М.Е.Игисенова, жұмыс тобының мүшелері А.С.Тыныштықова, М.Н.Ихсанова, Г.А.Кулданова, С.Ж.Ермаганбетова, Е.П.Фейш, А.Р.Әндір, А.Нажматдин, А.Ж.Джубаниязова, С.Т.Әбдірәшит, З.М.Казмухановой, Р.Есенгос, Ф.А.Тажибаева, В.Т.Галымжанова, С.К.Минеева, З.И.Мулдагалиева, Ж.Н.Убайдулла, «Мемлекеттік органның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылған кезең.

 

АХАТ бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер. 

  1. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі (19.07.2020 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім);
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім);
  4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі;
  5. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Қазақстан Республикасының 29.01.2013 жылғы № 73-V Заңы;
  6. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 24.11.2015 жылғы № 418-V Заңы;
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 25.08.2014 жылғы Жарлығы;
  8. Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 02.04.1996 жылғы № 2923 Жарлығы;
  9. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (28.05.2020 жылғы № 64 бекітілген өзгерістермен);
  10. Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің 17.06.2020 жылғы № 250 қаулысы;
  11. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы Заңы;
  12. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 11.07.1997 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы;
  13. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 21 бұйрығы;
  14. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы Заңы».

            АХАТ бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 25.02.2015 жылғы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (28.05.2020 жылғы № 64 бекітілген өзгерістермен) 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Неке (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
  • «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Қайталама куәліктер беру және  азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • «Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
  • "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

АХАТ бөлімінде бар тәжірибені талқылай отырып, жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде төменде келтірілген сыбайлас жемқорлық тәуекелінің байқалуы мүмкін.

ҚР «Ерлі – зайыптылық және отбасы туралы» Кодексінің 228-бабының 2-тармағы – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу.

Шетелдікпен некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.

 Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.

  Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.

Ал, ҚР Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, 28.05.2020 жылғы №64 азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларына "неке қиюды (ерлі – зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес - мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар - некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілдегі аудармасы бар), ал Кодекстің жоғарыда көрсетілген бабында өтініш беруші азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаттың жоқтығына қарамастан, яғни некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама, өтініш берушілердің талап етуі бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуге жол беріледі, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етеді.

 

 

                 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыным:

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 228-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органға жіберу жөнінде шаралар қабылдасын - атап айтқанда, екінші және үшінші абзацтар алып тасталынсын.

 

Дата публикации
06 августа 2021