2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Шешімі

 

 

Ақтөбе қаласы                          №___          «____» ___________ 2021 жыл

 

 

 

 

 

2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын

Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар

қатынастарының тізбесін айқындау туралы

 

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы №883 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12353 тіркелген, Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық

мәслихаттың хатшысы                                                           А.НҰҒМАНОВ

 

 

Дата публикации
26 июля 2021