Жоба
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021 - 2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 69 066 099,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 44 055 718 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 414 688,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 724 655,4 мың теңге;
трансферттер түсімі – 23 871 038 мың теңге;
2) шығындар – 75 162 521,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 793 190 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 793 190 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 805 939,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 805 939,2 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 7 695 550,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 7 695 550,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 5 264 794 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 5 828 657 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 8 259 413,6 мың теңге.».