Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-сі 2020 жылдың 01 қарашасынан 2021 жылдың 1 мамыр аралығында сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жүргізілген жұмыстарға Анықтама

Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-сі

2020 жылдың 01 қарашасынан 2021 жылдың 1 мамыр аралығында

сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жүргізілген жұмыстарға

Анықтама

Жүргізілген талдау бөлімнің атқаратын жұмыстарын рәсімдейтін нормативтік-құқықтық актілер негізінде сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мақсатында жасалынды.

1.Бөлімнің жұмысын атқару кезінде ереже қағидасына сәйкес жасалынатын нормативтік-құқықтық ақтілер шектеулі, оның бірі жылына 2 мезгіл көктем және күз айларында ветеринария саласында жүргізілетін жоспарлы іс-шаралар кезінде (ауыл шаруашылық мал бастарын түрлі ауруларға қарсы егу, қан алу) табындағы мал бастары арасында жұқпалы аурулар (бруцеллез) анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленеді. Бұл шара АШМ (Ауыл шаруашылығы министірлігі) жаныңдағы ветинариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекция мекемесінің бас ветеринария инспекторы ұсынысы негінде, қала әкімінің қаулысымен бекітіледі. Аталған акт облыстық әділет Департаментіне жолданып, мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.

Кезінде бөлім «Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» болып аталды, кейін ветеринария саласындағы өзгерістерге байланысты ветеринария бөлімі, облыстық ветеринария басқармасының қарауына ауыстырылды, сол себебті біздін бөлім құзырынан барлық ветеринария мәселелері алынып тасталды. Дегенмен жоғарыда көрсетілген шектеу іс-шараларын белгілеу ұсынысы, қала әкімінің атына жолданған сон біздін бөлімнен басқа ауыл шаруашылығына қатысы бар бөлімдер болмағасын бізге жолданып, осы актіні дайындау біздің құзырымызда жүргізіліп жатыр.

  1. Бөлімнің ұйымдастыру-баcқару жұмыстарында сыбайлас-жемкорлық тәуеклдерін талдау бойынша жағдай келесідей. Бөлім ауыл шаруашылығы саласында құзырлы орган болғандықтан, салада жұмыс жасап жатқан құрылымдарға түрлі консультативтік көмек көрсету жұмыстарын арнайы ашып қойған инстаграмда парақша бетте сонымен қатар Watcap мессенджірінде ашылған СХТП чаты арқылы түрлі ауыл шаруашылық кешеніңде болып жатқан хабарлама заң немесе қолданыстағы қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жарияланып отырады.

Барлығы бөлімде штаттық қызметкерлер саны 5 адам, оның ішінде бөлім басшысы Тоқболатов М.Т.,  жалпы бөлім басқару жұмыстарын жүргізеді. Бір маман Мамутов М.Т.  сектор менгерушісі міндетін атқарады, мал және егістік шаруашылықтарының салаларына қатысты жұмыс жүргізу міндеттілген. Бір маман Ешниязова Д.С. бөлімнің еспші және кадр жұмыстарын атқарады.

 Екі адам техникалық инспекторлар Қосниязов А.Т. және Жұмабаай Н. Атқаратын жұмыстары арнайы техника және ауыл шаркашылығы мақсатында пайдаланатын техника құралдарын (трактор, тіркеуіштер) мемлекеттік тіркеу және тіркеуден шығару болып табылады. Сонымен қатар осы аталлған техника құралдарын кепілдігін тіркеу жұмыстары атқарылады. Аталған жұмыстар мемлекеттік қызметтерге жатады олар казіргі уақытта толығымен электрондық форматта көрсетіледі. Тек кепілдікке салынатын техника құралдары шарттары қағаз жүзінде жасалынады, бірақ өтінімдер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет алушылармен жіберіледі және кейін сол орталық арқылы алынады.

      Казіргі уақытта 3 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша талдау жүргізген аралықта барлығы 722 қызмет көрсетілді:

«Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» Осы бағытта 597 қызмет көрсетілді.

 «Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» -көрсетілген қызмет саны 37.

«Тракторлар және олардын базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекттік техникалық байқаудан өткізу»- көрсетілген қызмет саны 88.

Дата публикации
07 июля 2021