«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі»  ММ

қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама

 

 

Ақтөбе қаласы                                                                   2021 жылғы 6 мамыр

 

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, оның ішінде мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша 2020 жылғы 12 қарашадан 2021 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 6 мамырдағы № 34 бұйрық негізінде жүргізілді.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметі келесі нормативтік құқықтық актілерге негізделеді:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 228-V «Кәсіпкерлік Кодексі» Кодексі;
  2. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңы;
  3. Ақтөбе облысы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 84-ө «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының үйлестірушілерін айқындау туралы» өкімі;
  4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Бюджет кодексі;
  5. ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ Ережесінде көрсетілген міндеттер мен функциялар Бөлімнің қызметі негізделетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 9 бірлікті құрайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезеңінде негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалысы кезеңіне жалпы мәселелер бойынша сектордың бас маманы қабылданды, содан кейін осы маман басқа мемлекеттік лауазымға орналасуымен байланысты атқаратын лауазымынан босатылды, бүгінгі күні бұл лауазым бос болып табылады, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне инновациялық даму секторының бас маманы лауазымына бөлімнің бір қызметкері қабылданды, сонымен қатар, бөлім басшысы басқа мемлекеттік лауазымға орналасуымен байланысты қызметінен босатылды, инновациялық даму секторының бас маманы апталық біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Талдау жүргізу кезеңінде «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-мен мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 29 келісім-шарт жасалды. Оның ішінде:

- Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу арқылы 20 келісім-шарт;;

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 9 келісім-шарт.

Жалпы сұрақтар бойынша сектордың бас маманы 2021 жылдың ақпан айында «2021 жылғы өзгерістерді есепке алғандағы мемлекеттік сатып алу» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Қызметкерлердің жеке істерін тексеру кезінде бір-бірімен тікелей туыстық қатынастар жоқ екендігі анықталды.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсетпейді, бірақ Ақтөбе облысы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 84-ө «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының үйлестірушілерін айқындау туралы»  өкіміне сәйкес, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады және Ақтөбе қаласы бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі болып айқындалды.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызмет барысында қандай да бір рұқсат құжаттарын бермейді, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге бақылау-қадағалау функциясы жүктелмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бөлімнің әлеуметтік желілер беттерінде және қала әкімдігінің сайтында жарияланады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде кәсіпкерлік бөліміне 60 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 56 өтініш бойынша ҚР заңнамасына сәйкес жауап берілді, 4 өтініш бойынша өзге субъектілерден ақпарат алу талап етілген болатын.

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын  нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерге ішкі талдау жүргізу барысында мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Дата публикации
17 июля 2021