Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы

30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы ҚР ҚМ 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесінің 1-тарауының 4-тармағына сәйкес, бағалау аймақтарының көшелер, тұрғын алаптар және бау-бақша ұжымдары бойынша аймақтардың шекараларын нақтылау қажеттілігіне байланысты әзірленді.

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі қаулының жобасын қарастырып, соған сәйкес 2021 жылғы 5 сәуірдегі №01-1/14 ұсынысы берілді.

Қаулы жобасы gov.kz веб-сайтында 2021 жылғы 24 маусымда орналастырылып, 2021 жылғы 24 маусымнан 9 шілдеге дейін E-gov ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 17 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мақсатында, қаулы жобасы Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтына жіберілді. Нәтижесінде 2021 жылдың наурыз айының 29 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қорытындысы ұсынылды.

Қаулы жобасы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде қазақ және орыс тілдерінде 2021 жылғы сәуір айының 6, 8 жұлдызында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы «Заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тарауы 32 тармағына сәйкес, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындысын алу жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексіні 529 бабына сәйкес, аймақтарға бөлу коэффициенті салық салу мақсатында кәсіпкерлікте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылады.

Осыған байланысты сараптамалық қорытынды талап етілмейді.

 

«Ақтөбе қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                                       А.Үрістемова

Дата публикации
24 июня 2021