«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ-нің қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ-нің қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

Ақтөбе қаласы                                                                                    06 мамыр 2021 жыл

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде  2021 жылдың 06 мамырында бөлім басшысының №13 бұйрығымен  бөлімнің  қызметінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  жүктелді.

  Мекеме 2019 жылғы 03 сәуірінде Ақтөбе қаласының әділет департаментінен  №423-1904-19  мемлекеттік тіркеуден өткен.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтарындағы №78 «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылдың 30 сәуіріндегі №1899 қаулысы негізінде мекеменің Ережесі Ақтөбе қаласы бойынша әділет басқармасынан  қайта тіркеуден өткізілуде.

           1.Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Мекеменің  мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 28, штаттан тыс азаматтық қызметшілер саны 7 бірлік болып бекітілген.

2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында өз еркімен жұмыстан босатылған қызметшілер саны – 1, басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылған қызметшілер саны - 1.

ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес мекеме бойынша 5 қызметші белгіленген кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау  курстарынан және Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің нормалары бойынша оқу бағдарламасынан (Е-өтініш АЖ) бөлімнің барлық қызметкерлері дәріс алды.

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  № 95-IV Бюджеттік кодексі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

            Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы  Заңы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Құқықтық актілер туралы Заңы

            Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Заңы

           Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы.

            Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Мемлекеттік мүлік туралы Заңы.

           Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы Жарлығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы № 540 Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы бұйрығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы     № 511 Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығы

            Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №68 Бюджеттік бағдарламалар Әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы  бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы  бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулысы.

3.«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру функцияларын атқармайды.

           4.Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар

Мекеменің  атқаратын қызметі  бойынша ақпараттар Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі (instagram) мекеменің aktobe_finance парақшасында  да жарияланды. Қалалық коммуналдық меншіктегі объектілерді сатып алу және сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру, сот шешімімен жекелеген негіздегі келіп түскен мүліктерді сату бойынша аукциондарды өткізу жөніндегі хабарландырулар республикалық ақпараттық «Закуп Инфо» газетінде және www.zakupinfo.kz cайтында жарияланады. Сонымен қатар «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2019-2021 жылдарға «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасына publicbudget.kz  сайтына бөлімнің бюджеті жарияланған.

  1. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде  мекемеге келіп түскен арыздарды  арнайы тіркеу  журналы  (карточкасы) жүргізіліп, есебі тапсырылады.  Сонымен қатар,   жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Құжат айналымының бірынғай жүйесі бағдарламасы арқылы да тіркеулер жүргізіледі. Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін жеке  және заңды тұлғалардан  66 арыз-шағымдар (заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар - 30, жеке тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар – 36) түсіп, оның  заңнамаға сәйкес уақытында жауабы берілген.

  1. Бюджеттік өтінім, мемлекеттік сатып алулар, коммуналдық меншік объектілеріне аукциондар өткізу

Бюджеттік өтінім базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарға бөлінетін шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығын білдіреді. Бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың негiзгi мақсаты бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың қажеттi ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеген кезде шығыстар көлемiн негiздеу болып табылады.

Бөлімнің құрылымына сәйкес, 20 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік өтінімді тексеріп қабылдауға «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің орынбасары, бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және басқару аппараты және әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау секторлары   жауапты болып табылады.

            Кезекті мәслихат сессиясы әрбір тоқсанда бір рет жүргізіледі. Бір жылда 4 тоқсан бар екенін, сондай-ақ, келесі жылдың бюджеттін бекітілетінін ескере отырып, бюджеттік бағдарлама әкімшілері жылына 5-ке жуық бюджеттік өтінім тапсырады. Сондай-ақ, «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі жүзеге асыратын 20 бағдарлама және «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі жүзеге асыратын 14 бағдарлама бойынша кемінде 5 бюджеттік өтінім әзірлеп тапсырады.

            2021 жылы бөлімнің мемлекеттік сатып алулары бойынша  жыл басынан  бөлімнің сатып алу жоспарына заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулары уақытылы жасалып, республикалық мемлекеттік сатып алу веб-порталына www.goszakup.gov.kz жарияланған. Жыл басынан 6 бағалы ұсыныстарға сұраным, 16 бір көзден алу тәсілімен конкурс өткізіліп, келісімдер жасалған. Қалалық коммуналдық меншіктегі объеткілерді сату https://www.gosreestr.kz сайты арқылы жүргізіледі. Жыл басынан  сенімгерлік басқаруға беру бойынша объектілер тіркелген жоқ, қалалық коммуналдық меншікке тіркелген иесіз қалған  объектілер  саны - 104. Жыл басынан коммуналдық меншіктегі 2 объектіге бағалау жүргізілді. Жекеленген негіздер бойынша 9 тендер өткізілді, 2 жалға беру шарты жасалды.

            Сонымен қатар, сот шешімімен жекелеген негіздегі келіп түскен мүліктер бойынша:

  1. Ақтөбе қаласының №3 сотының 24.09.2019 жылғы шешіміне сәйкес 2020 жылғы 30 қыркүйектегі тізімдеме актісімен 70 атау көлемінде халық тұтынатын тауарлар қабылданып, қазіргі уақытта мемлекеттік тізілімнің веб-порталы арқылы одан әрі іске асыру үшін бағалау жүргізіліп 2021 жылдың 16 сәуірінде «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ балансына берілді.
  2. Ақтөбе қаласының №3 сотының 14.01.2020 жылғы, 14.04.2020 жылғы, 01.08.2019 жылғы, 03.08.2020 жылғы шешімдеріне сәйкес 2020 жылғы 08 желтоқсандағы тізімдеме актілерімен коммуналдық меншікке 4 дана темір жол контейнерлері қабылданды. Мемлекеттік тізілім веб-порталында тіркеу және іске асыру үшін контейнерлерге бағалау жүргізіліп, 05 ақпанда "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" КММ-нің 3 контейнері және "КДБО"КММ-нің 1 контейнері теңгерімге берілді. "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты"ММ "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы"КММ балансына берілді.
  3. Ақтөбе қаласының №3 сотының 03.08.2020 жылғы шешіміне, 2020 жылғы 15 желтоқсандағы тізімдеме актісіне сәйкес 1 дана темір жол контейнері коммуналдық меншікке қабылданды. Мемлекеттік тізілімнің веб-порталында тіркеу және іске асыру үшін контейнерге бағалау жүргізілді және ҚР Қорғаныс министрлігінің "30238 әскери бөлімі" РММ теңгеріміне берілді.

            Жыл басынан бері жекешелендіру жоспарына "Ақтөбе қаласының Пассар автокөлік кәсіпорны" ЖШС және "Ақтөбе қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы"ЖШС коммуналдық меншік ұйымдары енгізілді. Қазіргі уақытта сауда-саттыққа шығару үшін "ПАТП" ЖШС бағалау жүргізілуде.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 қазандағы №3570 "коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді 2020 жылға жүзеге асыру туралы" Қаулысына сәйкес Лада-21214, Skoda Octavia A4 және металл 125 тонна екі автомобилі саудаға шығарылды. 2021 жылдың басында Лада-21214 және металл сатылды. Үшінші рет Skoda Octavia A4 автокөлігі сатылымға шығарылды. Сауда-саттық өткізілген жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында   «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері  анықталған жоқ.

 «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу жұмыс тобымен  қаралып келесідей ұсыныс білдірді:

Мекеме бойынша атқарылатын  жұмыстар мен қызметтер жөнінде жүргізілген жұмыстары туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарымен ресми сайтта  жиі жариялануы қажет.

Дата публикации
08 июля 2021