Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №4703 «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 4703 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

1) реттік нөмірі 1-жолында:

«Саябақ көшесімен Алтынемел көшесінің (бұрынғы Земледельческая көшесі)қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен (бұрынғы Земледельческая көшесі) Мир даңғылының қиылысына дейін» сөздері «Алтынемел көшесі мен Мир даңғылының қиылысынан» сөздермен ауыстырылсын;

«Бөкенбай батыр көшесімен Красин көшесінің қиылысына дейін, Красин көшесімен 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағына дейін, 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағы бойынан Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Сәңкібай батыр даңғылының қиылысына дейін» сөздері «Бөкенбай батыр көшесінің бойымен, 12 Б шағын ауданын қоспағанда, Сәңкібай батыр даңғылымен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

«Әлия Молдағұлова даңғылымен Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабына дейін қоса алғанда, Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабынан Әлия Молдағұлова даңғылының бойымен Сәңкібай батыр даңғылына дейін» сөздері «Әлия Молдағұлова даңғылының бойымен Сақтаған Бәйішев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысына дейін, Сақтаған Бәйішев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан Әлия Молдағұлова даңғылының бойымен Сәңкібай батыр даңғылына дейін» сөздермен ауыстырылсын;

«Макаренко көшесінің», «Макаренко көшесімен» сөздері тиісінше «Қ.Сәтпаев көшесімен», «Қ.Сәтпаев көшесінің бойымен» сөздермен ауыстырылсын;

«Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен» сөздері алынып тасталсын;

«Мир даңғылымен Саябақ көшесінің қиылысына дейінгі» сөздері «Мир даңғылының бойымен Алтынемел көшесімен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

2) реттік нөмірі 4-жолында:

«Заречный-3, Заречный-4» сөздері алынып тасталсын;

«, Қызылжар тұрғын үй алабы, Украинка тұрғын үй алабы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабының солтүстік-батыс бөлігі және Пригородное тұрғын үй алабының батыс бөлігін қоса алғандағы» сөздері алынып тасталсын;

3) реттік нөмірі 5-жолында:

«Авиатор-1, Авиатор-2 тұрғын үй алаптары» сөздері «Мәскеу ауданы: Әз наурыз және Н.Шайкенов көшелерінің қиылысынан Московский көшесіне дейін, Московский көшесінің бойымен М.Арынов көшесіне дейін, М.Арынов көшесінің бойымен Амангелді Иманов көшесіне дейін, Амангелді Иманов көшесінің бойымен Елек көшесіне дейін, Елек көшесінің бойымен Орал көшесіне дейін, Орал көшесінің бойымен Берекет көшесіне дейін, Берекет көшесінің бойымен Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесінің бойымен Болашақ, 12 Б, Вг шағын аудандарын қоса алғанда, Әз наурыз көшесіне дейін, Әз наурыз көшесінің бойымен Н.Шайкенов көшесімен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

4) реттік нөмірі 8-жолында:

«Чернышевский көшесінен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен «АЗФ-2» бау-бақша ұжымының оңтүстік жағы бойымен Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен» сөздері «Олег Кошевой және Есет-батыр көшелерінің қиылысынан» сөздермен ауыстырылсын;

«Мир даңғылымен Алтынемел көшесінің (бұрынғы Земледельческая көшесі) қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен (бұрынғы Земледельческая көшесі) Саябақ көшесінің қиылысына дейін, Саябақ көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін,» сөздері алынып тасталсын;

«Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен» сөздері алынып тасталсын;

«Макаренко көшесінің қиылысына», «Макаренко көшесімен» сөздері тиісінше «Қ.Сәтпаев көшесіне дейін», «Қ.Сәтпаев көшесінің бойымен» сөздермен ауыстырылсын;

«Олег Кошевой көшесімен» сөздерден кейінгі «Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Чернышевский көшесінің қиылысына дейінгі» сөздері «Победа даңғылымен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

5) реттік нөмірі 9-жолында:

«Кеңес Нокин атындағы даңғылының қиылысына дейін, Кеңес Нокин атындағы даңғылынан Елек өзенінің су қорғау аймағының бойымен, Кеңес Нокин атындағы даңғылына іргелес жатқан бау-бақша ұжымдарын қоса алғанда, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысынан Сағи Жиенбаевтың көшесімен Южный көшесінің қиылысына дейін, Южный көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Шернияз Жарылғасұлы қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін» сөздері «Д.А.Қонаев көшесімен қиылысқа дейін, Д.А.Қонаев көшесінің бойымен айналма жолға дейін, айналма жолдан  Ш.Берсиев көшесінің бойымен Нариманов көшесіне дейін, Нариманов көшесінің бойымен Қазақстанның 30 жылдығы көшесіне дейін, Қазақстанның 30 жылдығы көшесінің бойымен Ерназаров көшесіне дейін, Ерназаров көшесінің бойымен Кленовый көшесіне дейін, Кленовый көшесінің бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне дейін, Әлихан Бөкейханов көшесінің бойымен көпірге дейін, көпірден Лермонтов көшесінің бойымен Шернияз Жарылғас-ұлы және Герцен көшелерінің қиылысына дейін» сөздермен ауыстырылсын;

6) реттік нөмірі 10-жолында:

«Әз Наурыз көшесіндегі көпірден бастап темір жол бойымен Арынов көшесінің қиылысына дейін, Арынов көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен Елек көшесінің қиылысына дейін, Елек көшесімен, Сельмаш шағын ауданы, мәдениет және демалыс саябағын қоса алғанда, Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесімен 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағы бойымен Красин көшесіне дейін, Красин көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен көпірге дейін шекараларда.» сөздері алынып тасталсын;

7) реттік нөмірі 11-жолында:

«Кірпішті тұрғын үй алабы, «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының аумағын қоса алғанда, теннис корты, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, «Ақжар плюс», «Тереңсай», «Сарбаз», «Зеленая» бау-бақша ұжымдары.» сөздері алынып тасталсын;

8) реттік нөмірі 12-жолында:

«Ясное тұрғын үй алабы.» сөздері алынып тасталсын;

9) реттік нөмірі 13-жолында:

«Өнеркәсіп ауданының батыс бөлігін, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, Береке тұрғын үй алабы және іргелес жатқан аумақтарын қоса алғанда, «Ақтөбе-Қобда» тас жолы бойынша қала шетіне дейінгі жерлердің» сөздері «М.Маметова және Д.А.Қонаев көшелерінің қиылысынан Кеңес Нокин даңғылына дейін, Кеңес Нокин даңғылының бойымен, бау-бақша ұжымдарын қоспағанда, Д.А.Қонаев көшесіне дейін, Д.А.Қонаев көшесінің бойымен, Горпитомник орамын қоса алғанда, М.Маметова көшесімен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

10) реттік нөмірі 14-жолында:

 «Рауан тұрғын үй алабы.» сөздері алынып тасталсын;

11) реттік нөмірі 15-жолында:

«Чернышевский көшесінен» сөздері «Чернышевский және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысынан» сөздермен ауыстырылсын;

«Сақтаған Бәйішев көшесіне дейін», «Сақтаған Бәйішев көшесімен» сөздері тиісінше «Едіге батыр даңғылына дейін», «Едіге батыр даңғылының бойымен» сөздермен ауыстырылсын;

«Чернышевский көшесіне дейінгі» сөздері «Чернышевский және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысына дейін» сөздермен ауыстырылсын;

12) реттік нөмірі 16-жолында:

«Елек өзенінің су қорғау аймағына дейін, шекараларда, Елек өзенінің су қорғау аймағы бойымен «Запказэнерго РУ» бау-бақша ұжымының солтүстік жағына дейін, «Запказэнерго РУ» бау-бақша ұжымының солтүстік жағынан, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен темір жол көлігі, тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыстардың жерлерін қоса алғанда,» сөздері «312 атқыштар дивизиясы даңғылының бойымен» сөздермен ауыстырылсын;

«Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Гастелло Н.Ф. көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, «Ромашка» бау-бақша ұжымының жерін қоса алғанда  Нефтяников көшесімен, 41 разъезд, Новый Ясное тұрғын үй алабы, құс фабрикасы аумақтарын қоса алғанда «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы айналма автомобиль жолына дейін, Ақтөбе су қоймасының су қорғау аймағы бойымен,  «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы тас жолындағы  темір жол бойымен қала шекарасына дейін» сөздері «Шернияз Жарылғас-ұлы және Лермонтов көшелерінің қиылысына дейін, Лермонтов көшесінің бойымен В.Ф.Зинченко көшесіне дейін, В.Ф.Зинченко көшесінің бойымен, «Ромашка» бау-бақша ұжымының жерін қоспағанда, «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы айналма автомобиль жолына дейін, «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы тас жолының бойымен қала шекарасына дейін» сөздермен ауыстырылсын;

 «Сельмаш-2 шағын ауданы» сөздері «Сельмаш, Сельмаш-2 шағын аудандары, Авиатор-1, Авиатор-2 орамдары» сөздермен ауыстырылсын;

«Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен» сөздері алынып тасталсын;

«Сержан Жаманқұлов көшесінің қиылысына дейін, Сержан Жаманқұлов көшесімен темір жол бойымен Әз Наурыз көшесіне дейін» сөздері «Московский көшесімен қиылысқа дейін, Московский көшесінің бойымен Әз наурыз және Н.Шайкенов көшелерінің қиылысына дейін» сөздермен ауыстырылсын;

«Чернышевский көшесінен «АЗФ-2» бау-бақша ұжымы жерінің оңтүстік жағы бойымен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен Чернышевский көшесінің қиылысына дейін, Чернышевский көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Жіңішке станциясына дейінгі темір жол бойындағы бау-бақша ұжымдарының жерлерін қоспағандағы» сөздері «Чернышевский көшесінің бойымен, Ватутин, Юрий Алексеевич Гагарин, М.И.Кутузов, Мұхамеджан Тынышбаев, Тургенев (өрт сөндіру бөліміне дейін), Алтынемел, Олег Кошевой көшелерді қоса Т.Рысқұлов көшесіне дейін» сөздермен ауыстырылсын;

13) реттік нөмірі 18-жолында:

«Ақжар тұрғын үй алабы аумағының іргелес бау-бақша ұжымдарымен шекарасында» сөздері «Ақжар, Ясное, Новый Ясное, Сазды, Бауырластар, Бауырластар-2, Береке, Құрашасай, Қурайлы, Рауан тұрғын үй алаптары, 41 разъезд» сөздермен ауыстырылсын;

14) реттік нөмірі 19-жолында:

«Солтүстік-батыс бөлігін қоспағанда, Кеңес Нокин тұрғын үй алабы.» сөздері алынып тасталсын;

15) реттік нөмірі 21-жолында:

«Сазды, Бауырластар, Бауырластар-2 тұрғын үй алаптары, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ауруханасының жерлері, Құрашасай, Қурайлы тұрғын үй алаптары.» сөздері алынып тасталсын;

16) реттік нөмірі 22-жолында:

«Южный көшесімен, зират аумағын қоспағанда, Сағи Жиенбаев көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев көшесі мен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысынан тұрғын үй құрылысы бойымен 41 разъезд бағытындағы тас жолымен» сөздері «Әлихан Бөкейханов көшесінің бойымен Кленовый көшесіне дейін, Кленовый көшесінің бойымен Ерназаров көшесіне дейін, Ерназаров көшесінің бойымен Қазақстанның 30 жылдығы көшесіне дейін, Қазақстанның 30 жылдығы көшесінің бойымен Нариманов көшесіне дейін, Нариманов көшесінің бойымен Ш.Берсиев көшесіне дейін, Ш.Берсиев көшесінің бойымен айналма жолға дейін, айналма жолдың бойымен»;

«Орынбор көшесінің қиылысына дейін, Орынбор көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, Нефтяников көшесімен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Гастелло Н.Ф. көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Южный көшесінің қиылысына дейінгі» сөздері «Еңбекші көшесіне дейін, Еңбекші көшесінің бойымен Әлихан Бөкейханов көшесімен қиылысқа дейін» сөздермен ауыстырылсын;

17) реттік нөмірі 25-жолында:

 «Бекқұл баба, Ақшат» сөздері «Жаңақоныс, Кірпішті, Ақжар-2, Кеңес Нокин, Қызылжар, Украинка, Заречный-3, Заречный-4» сөздермен ауыстырылсын;

18) реттік нөмірі 27-жолында:

«Шиелісай, Белогорка, Өлке тұрғын үй алаптары» сөздері «Шиелісай, Белогорка, Өлке, Бекқұл баба, Ақшат тұрғын үй алаптары, бау-бақша ұжымдары, ВОХР, Новостройка-1, Новостройка-2 орамдары» сөздермен ауыстырылсын.

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
24 июня 2021